Smart-сапар мәдениеті: қазақстандықтар қалай саяхаттай бастады?

787

Қазақстанның кең байтақ даласын еңсеру саяхатшылар үшін қашанда үлкен сын еді. Діттеген жеріне жетуге жолаушылар ондаған сағатын, тіпті тәуліктен астам уақытын шығындайтын. Алайда отандық авиация нарығына FlyArystan-ның келуі жағдайды түбегейлі өзгертті. Саяхаттың жылдам, жайлы әрі қауіпсіз форматына жол ашқан әуе компаниясы билет құнын тиімді етіп қана қоймай, елдегі саяхат мәдениетінің жаңаруына мұрындық болды. Бүгінде лоукостер жүйесі ішкі туризмді өрге сүйрейтін негізгі қозғалтқышқа айналды.

Жеті жылдық белес: сандар не дейді?

Жұмысын осыдан тура жеті жыл бұрын бастаған FlyArystan 21 миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған. Бұл Қазақстанның жалпы халық санынан да асып түсетін көрсеткіш. Компанияның дерегінше, осыған дейін ұсынылған билеттердің 40%-ы 20 мың теңгеге дейінгі бағамен сатылса, Қазақстандағы әуекомпаниялар 2025 жылғы тасымалдаған әрбір үшінші жолаушы (29%) FlyArystan-ды таңдаған. Бұл лоукостердің нарықтағы ауқымын және осындай модельге деген тұрақты сұранысты растайды.

Жоғарыдағы жетістіктерге назар аудара отырып, FlyArystan АҚ президенті әрі бас атқарушы директоры Йохан Эйдхаген былай дейді:

«Жеті жыл ішінде FlyArystan Қазақстанның мобильділік жүйесінің бір бөлігіне айналып, әуе сапарларын миллиондаған адам үшін қолжетімді етті және ел өңірлерін байланыстырды. Біз тек жолаушылар ағынын арттырып қана қоймай, саяхатқа деген көзқарасты өзгерттік, адамдар жиі, жеңіл әрі қолжетімді бағамен ұшатын smart сапар мәдениетін қалыптастырдық».

Smart cапар мәдениеті

FlyArystan ұсынған Smart сапар мәдениетінің негізгі өзегі – жинақылық. Әуе тасымалдаушының дерегі бойынша әрбір бес жолаушының төртеуі тек қолжүгімен сапарлауды жөн көреді. Тіркеу залындағы ұзын-сонар кезектен құтылып, ұшақтан түсе сала қала ырғағына қосылып кету – «заманауи көшпенділердің» басты талабы. Сонымен қатар, басып шығарылған билеттер саны былтыр 77%-ға азайған. Бұл жолаушылардың цифрлық форматқа көшкенін көрсетеді әрі мұндай өзгеріс экологияға да оң әсерін тигізбек.

Өзгерістер жолаушылар құрамының демократиялануынан да байқалады. Кейінгі жылдары елде жеке сапарлардан гөрі отбасылық және топтық саяхаттар үрдіс ала бастаған. Мәселен, 2024 жылы FlyArystan бортындағы жолаушылардың басым көпшілігі (77,7%) жалғыз ұшса, былтыр бұл көрсеткіш 41 пайызға дейін қысқарған. Бұл үрдістен әуе тасымалының шынымен де жалпыхалықтық сипатқа ие болғанын аңғарамыз. Бұдан былай ұшақ борты – тек іссапардағы мамандар отыратын жер емес. Ол – отбасылық құндылықтар мен достық қарым-қатынас салтанат құратын жылы кеңістік.

Цифрлық трансформация және әлеуметтік жауапкершілік

Бүгінде FlyArystan жолаушыларының 93%-ы әуежайда кезекте тұрмай, тіркеуден онлайн өтеді. Ал iJan өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары әуежайдағы процестерді әлдеқайда жеңілдетті. Мұндай цифрлық трансформацияның астарында жұмыс процесін жеделдетумен қатар, қағаздан бас тартып, табиғи ресурсты үнемдеуге деген талпыныс жатыр.

Компанияның экологиялық және әлеуметтік бастамалары мұнымен шектелмейді. Жеті жыл ішінде FlyArystan инклюзия, спорт және экология салаларында бірқатар жобаны іске асырған. Мәселен, Абай облысында ауқымды орман отырғызу жобасы аясында компания үш жыл ішінде шамамен 1,5 млн көшет отырғызды. Сонымен қатар, әлеуметтік осал санаттағы жолаушыларға 50%-дан 100%-ға дейін жеңілдіктер қарастыратын Komek бағдарламасын іске қосқан.

FlyArystan халықаралық Skytrax марапатын үш жыл қатарынан иеленіп, Орталық Азия мен ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуе компаниясы ретінде танылды. Бүгінде әуе тасымалдаушыға тиесілі заманауи Airbus A320 ұшақтары 40 түрлі бағытқа қатынайды. Олардың 14-і – халықаралық бағыттар. Бүгінгі таңда ол – жай ғана әуе компаниясы емес, Қазақстанның әр азаматына арманына жетуді, жақындарымен қауышуды және жаңа жерлерді көруді қолжетімді еткен үлкен жоба.

Жуырда National Geographic Qazaqstan мен FlyArystan бірлескен «Қазақстанға биіктен көз салса» конкурсын өткізді. Ұшақ иллюминаторынан немесе дроннан түсірілген үздік кадрлар байқауында Шығыс Қазақстандағы Қаракөлдің үстінен түсірілген бейне жеңімпаз атанды.

Қадірлі оқырман, әлемдік деңгейдегі зерттеулерді фото және инфографика, карта түріндегі көрнекі безендірулерімен оқығыңыз келсе, мына нөмірге +7 771 149 9144 хабарласып, журналымызды жаздырып алуыңызға болады немесе төмендегі «САТЫП АЛУ» батырмасын басып, Каспи арқылы жаңа журнал сатып ала аласыз. САТЫП АЛУ