Дала қыраны: Toyota Kazakhstan ғылыми зерттеу және табиғатты қорғау жобасын қолдады

553
Фотосурет: Дмитрий Ругис

Қастерлі көк туымызда бейнеленген Қазақстан даласының басты нышандарының бірі – дала қыраны (Aquila nipalensis) кейінгі онжылдықтарда күрт азайды. Бүгінде бұл жыртқыш құс халықаралық деңгейде жойылып кету қаупі бар түрлер қатарына жатады. Оның популяциясына негізінен электр желілерінен болатын өлім-жітім, тіршілік ортасының бұзылуы, қорек қорының азаюы, антропогендік әсерлер мен климат өзгерісі ықпал етіп жатыр. 

Зоология институтының деректеріне сүйенсек, дала қыранының әлемдік популяциясының шамамен 75%-ы Қазақстан аумағында ұя басады. Демек бұл түрді жаһандық деңгейде сақтап қалу ісінде еліміздің орны айрықша. Дала қыраны Қазақстанның Қызыл кітабына енген, сондай-ақ оған халықаралық Endangered (EN), яғни «жойылу қаупі төнген» мәртебесі берілген. Кейінгі онжылдықтарда бұл құстың популяциясы 50 пайыздан астам кеміп кеткен. Сондықтан мұндай түрдің болашағы елімізде жүргізілетін зерттеулер мен табиғат қорғау шараларына тікелей тәуелді.

Фотосурет: Александр Кузнецов

Toyota Kazakhstan үшін бұл жоба – компанияның ұзақмерзімді экологиялық стратегиясының бір бөлігі әрі брендтің «Дәстүрден шабыт алып, болашаққа ұмтыламыз» деген философиясының айқын көрінісі. Қазақстанның табиғи мұрасын сақтап, орнықты дамуды қолдауға бағытталған бұл бастама қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүретін қоғам құруды көздейтін Toyota Environmental Challenge 2050 жаһандық бағдарламасымен толықтай үндеседі.

Осыған орай, National Geographic Qazaqstan-ның ақпараттық сүйемелдеуімен Зоология институты жүзеге асыратын дала қыранын зерттеу және сақтау жөніндегі ауқымды ғылыми бағдарламаны Toyota Kazakhstan қолдады. Жоба түрдің қазіргі жағдайын бағалауға, көші-қон жолдарын зерттеуге және оны қорғауға бағытталған ғылыми негіз қалыптастыруды көздейді.

Фотсурет: Артем Орлянский

Зерттеу жұмыстарының негізі – далалық экспедиция

Жобаның өзегі 2026 жылы өтетін далалық экспедициялардан тұрады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Зоология институтының мамандары дала қыраны ұя басатын өңілерде зерттеу жүргізіп, санын, таралу аумағын және көбею көрсеткіштерін анықтайды. Сонымен қатар кемінде алты дала қыранына GPS/GSM таратқыштар тағылып, олардың көші-қон бағыттары, маңызды мекендері және қыстайтын аумақтары зерттеледі. 

Ғылым мен медианың ұштасуы

Бағдарламаның маңызды ерекшелігі – ғылым мен медианы ұштастыруы. Ұйымдастырушылар ғылыми деректер жинап қана қоймай, дала қыранының тағдырына қоғам назарын аударуды мақсат етеді.

Алғашқы экспедиция 2–6 шілде аралығында «Алтын-Емел» ұлттық паркінің аумағында өтеді. Экспедиция құрамына ғалымдармен қатар National Geographic Qazaqstan командасы, фотографтар, видеографтар, журналистер мен блогерлер кіреді. Ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізсе, шығармашылық топ осы жұмыстарды таспалап, табиғатты қорғау мәселесін кең аудиторияға жеткізуге арналған фото-бейнематериалдар әзірлейді. Әлеуметтік желілерге контент дайындалып, маусым қорытындысы бойынша дала қыранын зерттеу барысы мен ғалымдардың жұмысын баяндайтын деректі фильм түсіріледі.

Toyota Kazakhstan-ның рөлі

Toyota Kazakhstan жобаға гранттық қолдау көрсетіп қана қоймай, экспедицияға жол талғамайтын автокөліктерін ұсынады. Бұл шығармашылық топтың шалғай әрі жолсыз жерлерде зерттеу жүргізуіне мүмкіндік береді. Осылайша, компания отандық ғылымға қолдау көрсетіп, биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған табиғат қорғау ісіне үлес қосып отыр.

Маусым бойы жүзеге асатын бағдарлама

Ауқымды жұмыс бір ғана экспедициямен шектелмейді. Жоба аясында «Дала қыраны» фотобайқауы ұйымдастырылып, осы құстың күзгі миграциясын зерттеуге арналған екінші экспедиция жолға шығады.

Бағдарлама қорытындысы қазан айында Алматыда өтетін көрмеде көпшілік назарына ұсынылады. Келушілер дала қыранының ең үздік фотосуреттері мен деректі фильмді тамашалап, ғылыми зерттеу нәтижелері және экспедиция материалдарымен таныса алады. Сонымен қатар көрме барысында фотобайқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба – дала қыранын зерттеп, сақтап қалуға бағытталған ұзақмерзімді бағдарламаның бір парасы. Ал бұл сирек құстың тағдыры Қазақстандағы тұтас дала экожүйесінің келешегімен тығыз байланысты.

Қадірлі оқырман, әлемдік деңгейдегі зерттеулерді фото және инфографика, карта түріндегі көрнекі безендірулерімен оқығыңыз келсе, мына нөмірге +7 771 149 9144 хабарласып, журналымызды жаздырып алуыңызға болады немесе төмендегі «САТЫП АЛУ» батырмасын басып, Каспи арқылы жаңа журнал сатып ала аласыз. САТЫП АЛУ