Қазақстанның су ресурстарын зерттеген қос экспедиция

46

«Су – тіршілік көзі» деп жиі айтамыз. Қазақстанда халық саны өсіп, экономика дамыған сайын суға деген сұраныс та артып келеді. Ал климат өзгерісінің салдары – аптап ыстық, буланудың күшеюі, мұздықтардың еруі су ресурстарына түсетін салмақты одан әрі арттырып отыр. Біз жиі айтатын тағы бір мәтел – «Судың да сұрауы бар» деген сөздің мәні дәл қазір бұрынғыдан да айқын сезіледі.

Биыл National Geographic Qazaqstan еліміздің су қорын зерттеп, елдегі өзен-көлдер мен су арналарының бүгінгі жай-күйін біліп, олардың жағасын мекендеген халықтың тыныс-тіршілігімен танысып әрі оны көпшілікке таныстыру мақсатында екі экспедиция ұйымдастырды.

Алғашқы экспедиция Қарағандыдан басталып, Сәтпаев атындағы Ертіс–Қарағанды су арнасын бойлай, шығыстағы Ертіс өзеніне дейін жалғасты. Екіншісі Тянь-Шань баурайындағы Тұйықсу мұздығынан басталып, тіршілік нәрінің етектегі Қапшағай су қоймасына дейінгі жүріп өтетін жолын зерттеді.

Экспедициялар екі түрлі бағыт, екі түрлі су жүйесін қамтыды. Әйтсе де сауал біреу еді: Қазақстанның су қоры қаншалықты тұрақты әрі оны келешек ұрпаққа қалай сақтап қаламыз? Осы экспедициялардың қорытындысы – Қазақстан сулары мен су жағасындағы тіршілікті көрсететін фотосуреттерді назарыңызға ұсынамыз.

Қадірлі оқырман, әлемдік деңгейдегі зерттеулерді фото және инфографика, карта түріндегі көрнекі безендірулерімен оқығыңыз келсе, мына нөмірге +7 771 149 9144 хабарласып, журналымызды жаздырып алуыңызға болады немесе төмендегі «САТЫП АЛУ» батырмасын басып, Каспи арқылы жаңа журнал сатып ала аласыз. САТЫП АЛУ